Тәжікстан парламентінің жаңа ғимаратын салуға Қытай билігі 250 миллион доллар көлемінде қаржы бөлмек, деп хабарлайды Орталық Азия ақпарат қызметі.
«Тәжікстан парламентінің жаңа ғимаратын салу үшін Қытай елі 250 миллион доллар көлемінде қайтарымсыз грант бөледі. Егерде ғимаратты Қытай компаниясы салатын болса, онда жұмысшылардың 80 пайызы тәжікстандық болады. Қазіргі таңда ғимараттың жоспары жасалып, құрылыс орны белгіленуде» - деді Тәжікстан архитектура және қала құрылысы комитетінің басшысы Джамшед Ахмадзода журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Тәжікстан парламентінің ғимаратын салуға Сауд Арабиясы 200 миллион доллар көлемінде қайтарымсыз грант бөледі деген ақпарат тараған болатын.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес