«Passport Index» агенттігі виза сапасы бойынша әлемдік елдердің тізімін жариялады. Тізімде Қазақстан мен Қырғызстанның төлқұжаттары Орталық Азияда «ең үздік» құжат деп саналған.
Агенттік жариялаған тізімде төлқұжаттың үздік екені визасыз бара алатын елдер санына қарай анықтаған.
Азаматтары 71 елге визасыз бара алатын Қазақстан бұл тізімде әлем бойынша 56 орынға табан тіреген. Қырғызстан 58 елге визасыз бара алатындықтан тізімде 68 орында тұр. Ал, Тәжікстан азаматтары 54 елге, Түрікменстан азаматтары 48 елге визасыз бара алады екен.
Аталмыш тізімнің көшін Германия мен Сингапур елдері бастап тұр. Бұл екі елдің азаматтары 158 елге визасыз кіріп-шыға алдады екен.
Тізімнің соңын Ауғанстан елі түйіндеп тұр. Бұл елдің төлқұжатына ие азаматтар тек 24 елге визасыз бара алатыны белгілі болған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы