Ресейдің Қорғаныс министрлігі БҰҰ-ның хатшылығы мен Қауіпсіздік Кеңесіне хат жолдап, Солтүстік Кореяның орта қашықтықтағы "Хвасонг-14" баллистикалық зымыранының ізін кескенін хабарлады.
Зымыран 2017 жылы шілденің төрті күні Иркутск аймағында Воронеж радарының Пхеньянның солтүстік-батысынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Сохе зымырандық лабортатория орталығынан атылған.
Мәлімдемеде зымыранның ұшу уақытының шамамен 14 минутқа созылғандығы, биіктігінің 535, ұзақтығының 510 шақырым болғандығы айтылған. Баллистикалық зымыран Жапон теңізіне құлаған.