Мун Чжэ Ин Қытай билігіне Оңтүстік Кореяның тәуелсіз шешіміне араласпауды сұрады.
Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин Уашингтондағы халқаралық стратегиялық зерттеулер орталығында сөйлеген сөзінде «Бейжің ресми Сеулдің THAAD зымыранға қарсы құрылғысын ел аумағына орналастыру жөніндегі шешіміне араласпауы тиіс. Бұл Оңтүстік Кореяның тәуелсіз шешімі оған Қытайдың араласуы мүлде дұрыс емес.» - деген.
Естеріңізге салайық Сеул мен Бейжің арасындағы текетірес Оңтүстік Корея өз аумағына америкалық THHAD зымыранға қарсы құрылғысын орнатқаннан кейін басталған болатын. Содан бері Қытай, Оңтүстік Кореяға түрлі экономикалық қысымдар жасап, екі ел арасындағы сауда-саттық пен туризмге шектеу қойған еді.