Өзбекстан телеарналарында бірінші рет сөз бостандығы жайында сөз қозғалды.
Маусымның 27 күні Өзбекстанның мемлекеттік «Маънавият ва маърифат» телеарнасының «Ашық студия» бағдарламасында ел тарихында тұңғыш рет сөз бостандығы жайында әңгіме қозғалды.
Бағдарлама барысында Өзбекстан журналистері өздерінің билік тарапынан қаншалықты қысым көретіндіктері жайында, тәуелсіз басылымдардың жай, күйі жайында әңгіме айтылды.
Естеріңізге салайық 30 мамыр күні ел президенті Шавхат Мирзиеев Өзбекстандық журналистерді сынға алып «Ура-патриотизм уақыты өтті. Мемлекеттік телеарналардан сыни-сараптамалық дүниелерді көрсету керек. Халық телеарналардан көрсетілетін бағдарламаларды тағатсыздана күтуі тиіс. Біз телеарналардың форматын өзгертуіміз керек.» деген болатын.
Бірақ, әлі күнге дейін билікке дат айтатын сайттар ел аумағында бұғаттаулы күйінде тұр. Өзбекстан халқы бұл сайттарды оқу үшін прокси-сервер немесе VPN-сервистерді пайдалануға мәжбүр болып келеді.