Бүгін Монғолияда президент сайлауы өтіп жатыр деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
Бүгін Монғолия өз тарихында жетінші рет президент сайлауын өткізуде. Биылғы сайлауға Монғолия халықтық партиясынан Миеэгомбын Энхболд, Демократиялық партиядан Халтмаагийн Баттулга және Монғолия халықтық -революциялық партиясынан Сайнхуугийн Ганбаатар өз кандидатурасын ұсынған.
Монғолияның қазіргі басшысы Цахиагийн Элбэгдорж қатарынан екі мәрте президент сайлауына қатысып жеңіске жетуіне байланысты үшінші рет салауға қатыса алмайды.
Президент сайлауына байланысты ел аумағында 1983 сайлау бөлімшесі ашылған. Қазіргі таңда Монғолияда дауыс беруге құқылы 2002 3018 адам бар. Оның 1 978 294 адамы сайлау бөлімшелеріне тіркеуге алынған. Сайлауды 36 елден келген 117 бақылаушы қадағалайтын болады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы