Өзбекстанның Әндіжан қаласында Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялауға байланысты келіссөздер болып өтті.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Қырғызстан делигациясы шекаралық аудандардағы жерді зерттеу жұмыстарын тағы екі күнге созуға келісімге келген.
Естеріңізге салайық маусымның 9 күні Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Шавхат Мирзиеев пен Алмазбек Атамбаев кездесіп, екі ел арасындағы шекараны делимтациялау мен демаркациялауға байланысты жұмыс тобын құру керектігін айтып келісімге келген болатын.