NBC News арнасы мен The Wall Street Journal басылымы бірлескен соңғы сараптамасы бойынша, Трамп биліктегі орнықсыздыққа толы бір айын өткерді. Құрама Штат халқының жартысынан көбі өз президенттерінің адамгершілік, сенімділік және президенттік міндет үдесінен шыға алуына сенім арта алмай отыр.
АҚШ басылымдары өткен айда жариялаған сауалнамаға ұқсас Трампқа қарсы көзқарастағы адамдар саны барған сайын көбейіп келеді. АҚШ Федералдық барлау басқармасының хабарлауына қарағанда, 2016 жылғы АҚШ-тың президент сайлауы кезінде Трамп командаластарының Ресеймен байланыс орнатқаны туралы анықталып, тергеуге алынуы жұрт пікіріне көбірек әсер еткен.
Сауалнама негізінен адамдық қасиеттері, сенімділігі, президенттік қызмет атқаруға жетерлік білім қабілеті қатарлы үш мазмұнда алынған. Сауалнамаға қатысқан 900 америкалықтың жартысынан көбі Трамптың басқару қаблетіне сын айтқан (оның 48 пайызы ешқандай топ пен партияға жатпайтын адамдар).
«The Wall Street Journal» басылымы аталған сауалнаманы маусымның 17-20 аралығында 900 Құрама Штат азаматының қатысуымен жинақтаған.