Ресей мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының жылдық бюджетін 2,5 млрд рубльге көбейтті деп хабарлайды ВВС ақпараттар қызметі.
Осылайша ТАСС ақпарат агенттігінің бюджеті 900 млн рубльге (15,8 млн доллар), МИА «Россия Сегодния» бюджеті 792 млн рубльге (14 млн доллар), ВГТРК холдингінің бюджеті 186 млн рубльге (3,2 млн доллар) өскен. Бұл жайында жұма күні РФ мемлекеттік думасында 2017 жылдың бюджеті жайында қабылданған заң жобасында көрсетілген.
Бұған дейін ТАСС ақпарат агенттігінің бюджеті 1,5 млрд рубль, ВГТРК холдингінің бюджеті 23,5 млрд рубль, МИА «Россия Сегодния» бюджеті 6 млрд рубль болған.
Ал "Первый канал", "НТВ", "Петербург", "Карусель", "ТВ Центр", "Матч ТВ" телеарналарының бюджеті 9,3 млрд рубльді құраған.
Бұл заң жобасы бойынша биыл Ресей, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына жылдағыдан 2,5 млрд рубль артық қаржы бөлген.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау