Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Сүрияға байланысты Астана келіссөзін өткізгені үшін рахмет айтты деп хабарлайды forbes.kz «КазИнформ» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қытай астанасы Бейжиңда өткен «Бір белдеу бір жол» экономикалық форумынан кейін баспасөз мәслихатын өткізген Владимир Путин, «Мен Сүрияда қауіпсіз аймақ құрылады деп үміттенемін. Бұл соғысты тоқтатудың жалғыз жолы. Біз осы мақсатта Астанада келісімге келдік. Ол үшін Қазақстан еліне және ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа рахмет айтқым келеді.» деді.
Мамырдың 14-15 күндері аралығында Нұрсұлтан Назарбаевта Бейжиңде өткен «Бір белдеу бір жол» экономикалық форумға қатысқан болатын.
Ал 3-4 мамырда Сүриядағы соғысқа байланысты Астана келіссөзінде Ресей, Түркия, Иран, Сүрия аумағында төрт бірдей қауіпсіз аймақ құруға байланысты мемарандумға қол қойған болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?