Украина премьмер-министрі Владимир Гройсман Израильге іс сапары кезінде 1932-1933 жылдары Украинада болған ашаршылдықты геноцид деп тану керектігі жайында мәскеле көтермек.
«Біз бұл жайында міндетті түрде әңгіме қозғайтын боламыз. Мен Израиль премьмер-министрімен де, президентімен де бұл жайында сөйлескенмін. Бұл Украина халқы үшін өте маңызды.» деді Владимир Гройсман «112 Украина» ақпарат көзіне.
Бұған дейін Жоғарғы Рада спикері Андрей Парубий Норвегия парламентінің басшысы Олемик Томмессенмен кездесуінде, ресми Ослоны Украинадағы ашаршылықты геноцид деп тануларын сұраған болатын.
Қазіргі таңда Украинада 1932-1933 жылдары болған ашаршылықты Украина хлқына жасалған геноцид деп танитын заң қабылданған. Украина халқы жыл сайын қараша айының соңғы сенбісінде ашаршылық құрбандарын еске алады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі