Ауыр атлетикадан Халықаралық Федерация қазақстандық үш ауыр атлет Майя Манеза, Зүлфия Шиншанло және Светлана Подобедоваға қатысты санкция қолдану бойынша қорытынды шешім шығарды. ҚР ауыр атлетика Федерациясының мәлімдемесіне сәйкес бірнеше айдың көлеміндегі мұқият зерттеу мен сот процесінің нәтижесінде тәртіптік комиссияның ұйғарымы бойынша атлеттер спорттан аластатылды. 2016 жылы допинг-тексеру барысында спортшылардың ағзасында тыйым салынған препараттардың қалдықтары табылған болатын.
Дисквалификация 2016 жылдың 26 мамырынан күшіне енеді.
Қорытынды шешімге сәйкес, Майя Манеза мен Зүлфия Шиншанлоның – 2 жылға, ал Светлана Подобедованың – 8 жылға спорттық жарыстарға қатысу құқығы шектелді. Шешімнің жай шыққанына қарамастан, дисквалификация 2016 жылдың 26 мамырында допинг-тексеру барысында тыйым салынған препараттардың анықталған сәтінен бастап күшіне енеді.
ҚР ауыр атлетика Федерациясының араласуымен атлеттерге Олимпиадан өзге жарыстардағы титулдары мен жетістіктерін сақтап қалуға мүмкін болған.
"The Qazaq Times"