БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хусейн Түркиядағы жаппай қудалауларға байланысты алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, әскери бүлік жасауға қатысты деген күдікпен адамдарды қудалау заңсыздыққа жатады.
Бұның алдында Түркия билігі тағы төрт мың мемлекеттік жұмысшы мен әскер қызметкерін жұмыстан шығарғаны белгілі болды. Олардың барлығы бүлікке қатысы бар деген күдікпен тұтқындалды.
Түркияда өткен жылы шілдеде төңкеріс жүзеге аспай қалған соң елде жаппай қуғындау басталды. Шамамен 120 мың адам ұмыстан қуылды. 40 мыңға жуық адам қамалды. 29 сәуірде түрік билігі "Википедияны" бұғаттаған. Анкараның пікірінше, ресурс материалдарында Түркияның терроршылармен байланысы туралы айтылады. Интернет-энциклопедия өкілдері бұл материалдарды жоюдан бас тартты.
“The Qazaq Times”

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі