Ресей СІМ сенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ үкіметін Румынияға баллистикалық зымыран құрылғысын орналастыру және соған ұқсас құрылғыны Польшаға орналастыруды жоспарлауын сынап, оны орта қашықтыққа қолданылатын ядролық зымырандарға тыйым салу шартын бұзу деп атады. Бұл туралы "Фарс" баспасөзі жазды.
Америка Румыниядағы зымырандық құрылғысын 2016 жылы іске қосты. Бұл құрылғы үшін Уашингтон 800 млн доллар жұмсаған. Америка сондай- ақ соған ұқсас құрылғыны Польшаға орналастыруды жоспарлап отыр.
Америка Ресейдің сынына көрсеткен реакцияда зымырандық құрылғы орнатудағы мақсатын Ресейдің қауіп- қатерлеріне қарсы Еуропаны қорғау деп мәлімдеді. Американың Шығыс Еуропада әскери қуатының артуы Уашингтонның осы аймақтағы Ресейдің ықпалын азайту жолындағы ұмтылысы саналады.
"The Qazaq Times"