АҚШ Қазақстанды өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы басты серіктес деп қарайды. Бұндай пікірді мәлімдемені АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео еліне сапарлай барған ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен кездесуде ортаға салды. Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді әріптесі Помпеоның шақыруымен АҚШ-тағы екі күндік ресми сапарын бүгін аяқтайды.

Сыртқы істер министрлердің кездесуі кезінде Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасын нығайту мәселелері қарастырды. ҚР СІМ басшысы Помпеомен кездесуде Қазақстан үкіметі дамып келе жатқан екі ел қатынасын тіптіде кеңейте түсуге баса мән беріп отырғанын айтты. Өз кезегінде Полмпео «Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет. Біз сіздерді өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы басты серіктесіміз санаймыз», – деді.

Министр М. Тілеуберді сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшылығымен және Қазақстанның «достар тобындағы» АҚШ конгрессмендерімен келіссөздер жүргізген.

Министрі Мұхтар Тілеубердінің кезекті ресми сапарында экономикалық дипломатияға басымдық берілгені айтылады. Осыған орай ол Дүниежүзілік банктің Вашингтондағы штаб-пәтеріне барған және Еуропа және Орталық Азия бойынша Вице-президенті Сирил Мюллермен кездескен. Кездесуде Қазақстан мен Банк тобының қаржы институттары арасындағы мәселелер талқыланған. Тараптар 2020-2024 жылдарға ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы бірлескен жобаны талқылаған.

Кездесуге орай ҚР СІМ тарабы таратқан хабар арасында Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы экономикалық байланыстарға қатысты бірқатар мәліметтер бар. Айталық, 2019 жылғы қаңтар-қазан аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд. Долларға жеткен. Алайда, Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда қатынасы сауда теңсіздігінде тұрғаны белгілі. Яғни, Қазақстаннан АҚШ-қа экспорты 682 млн. доллар болса, АҚШ-тан Қазақстанға импорт көлемі 1,1 млрд доллар көлемінде.

“The Qazaq Times”