Ұлыбритания парламенті Тереза Мэйдің Брюссельмен келісілген Brexit жоспарын үшінші рет кері қайтарды.

Нandelsblat басылымының хабарлауынша, Еуроодақ құрамынан шығу туралы келісімге 286 депутат қолдау білдірген. Алайда, 344 депутат қарсы дауыс берген. Енді Біріккен Корольдіктің 12 сәуірде Еуропалық Одақтан жоспарсыз шығуы екіталай. Британия саясатындағы келеңсіз жайттарды ескере отырып, ЕО кеңесшісі Дональд Туск 10 сәуірде кезексіз саммит өткізетін болды.

2016 жылы Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шығу мәселесін халықтық референдумға салған болатын. Референдум қорытындысы бойынша, Ұлыбритания Одақтан биыл 29 наурызда шығуы тиіс болатын. дегенмен, Ұлыбритания премьері Тереза Мэй Еуроодақпен ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізіп, жобаны дайындағанымен жоспар парламент тарапынан мақұлданған жоқ. Британ парламенті үш жыл көлемінде Brexit турасында ортақ мәмілеге келе алмағандықтан, Одақтан шығу процесі наурызда іске асқан жоқ. Тереза Мэй жоспар үшінші рет қабылданбаса, отставкаға өз еркімен кететіндігін айтқан. Ал Ұлыбритания билігінің алдағы жоспар әзірге белгісіз.

"The Qazaq Times"