Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында мұнай ұрлау ісіне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы күдікті деп танылған 21 адамға жаза мерзімін тағайындауды сұрады. Прокурор ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне кемі 10 жыл үкім кесуді өтінсе, олардың сыйбайластарын 6 жылға түрмеге қамауды жөн деп санайды. Бұл туралы "Кызылординские вести" басылымы хабарлады.

Күдіктілердің арасында кәсіпкерлер, мұнай компаниялары мен күзет мекемелерінің қызметкерлері және оларға жәрдемдескен құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары бар.

Осы тұста, Қызылорда облысы бойынша ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бұрынғы басшысы Берік Өтеновті 10 жылға соттауы мүмкін. Прокурорлар бұл жазаны әділетті деп санайды.

2017 жылы 16 мамырда Қазақстанның ҰҚК ішкі істер министрлігімен бірге еліміздің бірқатар облысында ірі көлемді арнайы операция жүргізіп, мұнайдың заңсыз айналымына қатысы бар қылмыстық топтарды қолға түсірген болатын.

“The Qazaq Times”