Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі тәрбие жұмыстарына тартылатын әскери қызметкерлер арасында әйелдердің санын көбейтуді қолға алмақ. Бұл туралы бас штаб басшысы Сәкен Жасұзақов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында хабарлады.

Оның айтуынша, батальон арасында әйелдер командирдің тәрбие істері жөніндегі орынбасары болып тағайындалған. «Осындай кадрлық ауыс-түйістен кейін әскери қызметкерлер ұқыпты әрі тап-таза бола бастады. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», - деген министр, бұл жұмыстың одан әрі осылай жалғасатынын атап өтті.

Мәжіліс депутаты Владимир Божка да осы бастамаға қолдау көрсетіп, негізінен мектепті алтын белімен бітірушілердің көбісінің қыз балалар екенін, сол үшін олардың білімдері мен қабілеттерін пайдалану керектігін айтты. Ол: «Негізінен, біз, ер адамдар әйелдерді қорғауға міндетті болсақ та, әлемдік тәжірибеден де қалыс қалмауымыз керек» , - деді.

“The Qazaq Times”