Қазақ поэзиясы тағы бір ауыр қазаға ұшырады. Қытай қазақтарынан шыққан танымал ақын, қабырғалы қаламгер Задақан Мыңбай өмірден өтті.

Задақан Мыңбай 1939 жылы ҚХР, ШҰАР, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауданы, Қаракемел ауылында өмірге келген. 1955 жылы байырғы Шыңжаң институтының тіл әдебиет факультетіне отқуға түскен.

Жас ақын алғаш атақты композитор Мәлік Жүнісұлы музыкасын жазып таратқан, «Электр» әні арқылы елге танылған. 1960- 1980 жылдары солақай саясаттың кесірінен қақпай көріп, баспасөз ұқығынан айрылған. «Көкейтесті» атты өлең-дастандар жинағы, «Махаббат құрбандары» атты дастаны (бірлеспе жинақ)  «Бетпе-бет» атты өлеңдер жинағы, «Дала заңы» атты дастандар жинағы баспадан шыққан. «Бетпе-бет» Жаңа дәуір әдебиеті үздік шығарма сыйлығына, «Дала заңы» Қытай аз ұлттар әдебиеті үздік шығармасы сыйлығына ие болған. 1984 жылы «Алтын қанат» балладасы Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкелік балалар әдебиеті сыйлығын алған.

“The Qazaq Times”