«Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы 31 шілдеде өткен бірінші отырыс кезінде тәуелсіз директор Арман Дунаевты ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайлады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің жаңа құрамы банк акционерлерінің 31 шілдедегі кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен сайланған болатын. Сонымен Арман Дунаевпен бірге банктің басқару органына Сәуле Кішкімбаева, бас акционердің өкілі – Әлия Қарпыкова, тәуелсіз директорлар – Азамат Жолдасбеков пен Асқар Елемесов, сондай-ақ ҚКБ-ның басқарма төрағасы лауазымындағы Ульф Вокурка кірді.

Арман Ғалиасқарұлы Дунаев – тәжірибелі, кәсіби қаржыгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік және жеке сектор, сондай-ақ қаржы нарығындағы жұмыс тәжірибесі бар. Тәуелсіз директор ретінде Halyk Group тобының Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «Халык-Life» АҚ сынды бірқатар компанияларының Директорлар кеңесінің құрамына кіреді «Altyn Bank» АҚ («Қазақстанның Халық Банкі» АҚ ЕБ) Директорлар кеңесін басқарады.

Айта кетейік, бұған дейін банктің директорлар кеңесін Кеңес Рақышев басқарған болатын.

“The Qazaq Times”