АҚШ президенті Трамп Мексикамен шекара сызығына қорған тұрғызғалы отырғаны белгілі. Бұл шекаралық қабырға құрлысын қаржыландыруға Мексиканы да міндетті деген, ал, Мексика мемлекеті бұдан бас тартқан. Алайда Трамптың басына жаңа идея келгені мәлім болды: ол шекара қорғанына күн энергиясын қабылдайтын күн панельдерін орнатпақ. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.

Сейсенбі күні Трамп Конгрестегі Республикашылдар өкілдерімен кездесті. Кездесуде болған екі Конгресс мүшесінің айтуынша, президент шекаралық қабырғасының құрлысын қаржыландыру мақсатында күн батареяларын орнату ұсынысын ортаға қойған.

Оңтүстік шекара қабырғасын тұрғызу – Трамптың сайлаудан бұрынғы уәдесінің бірі. Ол бұл құрылыс АҚШ-қа заңсыз кіретін мигранттарды тізгіндейді деп қарайды. Сонымен қатар, есірткі контрабандасына қарсы күреске тиімді болғандықтан, Мексикада құрылыстың жарты шығынын өтейді деген талабын қойған. Бұл талабы Мексика жағынан күшті қарсылыққа ұшырады. Тіпті Ақүй өкілдері мен Конгресс өкілдерінің бір бөлімі де қарсы тұрды. Себебі, Бұл құрылыстың болашағы бұлдыр деп тапқан. Бұрынғы құрылыстың қаншасын жаңартып, қанша шақырымға қорған соғу керектігі де анық болмаған.

Ақүй өкілдері бұл құрылыстың жобасы туралы түсінік беруден бас тартып отыр. Бірақ бұл бір алып идея екені рас. Ал, Трамптың басына келген жаңа идея болса – құрылысқа кеткен шығынды күн электр энергиясы арқылы қайтарып алу болса керек.

“The Qazaq Times”