Ұлыбританиялық 42 жастағы «ұшатын адам» атанған Fraser Corsan 5 маусымда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Дивейсте он мың метрден жоғары биіктікте ұшып, бір жолда дүниежүзілік үш рекордты жаңалады. Ол және әлемдегі ең алғашқы ұшатын адам атағын еншіленді.  Бұл туралы "Шинхуа"-ның ресми сайты жариялап отыр.

Fraser Corsan.Фото: Frost Magazine.

Ол денесіне ұшуға арналған киім киіп, Дивейс кеңістігінде 10700 метр биіктікте 9741 метрге дейінгі аралыққа қалықтаған. Оның жылдамдығы 249 ағылшын мильге жеткен. Fraser Corsan Гиннес рекордтар кітабына «ең биік, ең тез, ең ұзақ ұшқан адам» атымен енді.

Рекорд алдындағы қадам. Фото: Daily Mail

Адамдардың құстай самғап ұшқысы келетін ұшқыр арманы бұдан мыңдаған жылдар бұрын туындаған. Алғашында әуескерлер алып құстардың қанатын байлап алып, тәуекелшілдікпен биік құздардан төмен секірген. Алайда, барлығы мерт болып тынған. Кейіннен, осынау ұлы армандардың жетегінде адамдар ақыры ұшақты тапқырлап шыққаны белгілі. Он шақырым биіктікте, он шақырым аралыққа еркін қалықтаған Corsan – ның бүгінгі бұл рекорды кім кісіге де ой салады. Кім білсін, санаулы жылдардан кейін, адамдар аспанда құстай еркін самғайды деген ғылыми болжам да келешекте шындыққа ұласар.

“The Qazaq Times”