Стокгольмдегі лаңкестік шабуылды жасады деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды - деп хабарлайды Aftonbladet басылымы.
39 жасар күдіктіні ұстау барысында оның киімінен авто көлік терезесінің сынықтары мен Өзбек елінің төлқұжаты табылған. Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті «Ислам Мемлекеті» лаңкестік тобын қолдаған. Стокгольм полициясы бұған дейін 7-ші сәуірдегі лаңкестік шабуылға қатысы бар деген күдікпен, тағы бір адамды ұстағандығын хабарлаған болатын.
7-ші сәуірде болған Стокголмде болған лаңкестік шабуылдың салдарынан 4 адам көз жұмып, 15 адам жарақат алған еді.
“The Qazaq Times”


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау