5 сәуір күні Австралияның Федералдық полициясы Мельбурн қаласында көлемді есірткі саудалау әрекетін анықтады. Осы рет Австралия Федералдық полициясы жағынан тәркілеген есірткінің көлемі бір тоннаға жуық. Бұл Австралия тарихындағы ең ірі есірткі саудалау әрекеті болып саналады. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігінің ресми сайтында хабарланған болатын.
Аталған елдің есірткіге қарсы тұру үкіметтік ұйымы көп уақыттан бері халықаралық есірткі саудалаушы қылмыстық тобын құрықтауға тырысып келген. 5 сәуір күні полиция жағы мәлімдеме жасап қылмыстық топты көп мөлшердегі улы шегімдікпен бірге қолға түсіріп, 903 кг метамфетамина (кристал күйдегі есірткі) тәркілеген. Сонымен бірге қылмыстық топтың екі мүшесін тұтқындаған.
“The Qazaq Times”