Саудиялық алғашқы он әйел Сауд-Арабиясында жүргізуші куәлігіне қол жеткізді. Бұл туралы Әр-Риад қаласының ресми ұйымдарына сілтеме жасап fr.euronews.com агенттігі хабарлайды.
Сауд-Арабия үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, алғашқы он әйел Әр-Риадтағы жол қозғалысы басқармасында емтихан тапсырғаннан кейін жүргізуші куәлігі берілген. Енді олардың барлығының жүргізуші куәліктері АҚШ, Ливан және Канада елдерінде де жарамды.
Еске салайық, Сауд-Арабиясында ханзада Мұхаммед бин Салманның бастамасымен әйелдердің көлік жүргізулеріне салынған тыйымның күшін жоюы қарастырылып, ақыры ол заң осы жылдың 24 маусымында күшіне мінеді деп күтілген еді. Енді, соның дайындығы ретінде, алғашқы он әйел Сауд-Арабиясының тарихи оқиғасын бастап отыр.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы