Астана полициялары қала аумағында 18 қыркүйектен 20 қыркүйек аралығында көші-қон заңнамасының бұзушылықтарын анықтауға бағытталған «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шетел азаматтарының заңсыз орналасқан ықтимал орындары, құрылыс нысандары, азаматтардың жаппай жиналу орындары, әсіресе базарлар, вокзал маңы аумағы, өнеркәсіп аймақтары тексерілген.

Астананың ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Еркетай Туткушевтың деректері бойынша өткізілген жұмыстар нәтижесінде  көші-қон заңнамасының бұзушылықтарының 449 фактісі анықталды, оның ішінде  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның (ӘҚБЗ) 517-бабы бойынша 395 шетел азаматы, 518-бабы бойынша  Қазақстан Республикасының 28 азаматы, 519-бабы бойынша  13 жұмыс беруші  тартылды, 492-бабы бойынша 34 азаматы жауапқа тартылды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен елден 52 адам, оның ішінде азаматтық сот өндірісінің тәртібінде 1 адам  шығарылды.

249 шетел азаматының уақытша келу мерзімдері қысқартылды. Қаланың қабылдаушы-бөлушілерге ТМД 90 азаматы жеткізілді. Іздеуде табылатын 1 қылмыскер ұсталды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне шығарып жіберу туралы шешімдерді орындамағаны үшін 13 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді. ІІБ есебіне 369 адам қойылды. ЖАІ барысында барлығы 1,8 млн теңгеден артық сомаға айыппұл салынды, олардың ішінде шамамен 1,3 млн теңгесі өндіріліп алынды", - деп мәлімдеді Еркетай Туткушев.

Айта кетейік, 2 қыркүйек күні Астанада Үндістан және қазақ азаматтары арасында бұзақы әрекет  болған еді. Бұзақы әрекетке барған үндістер елімізде "Абу Даби Плаза" құрылысында жұмыс істейтін мигранттар.

“The Qazaq Times”