Қытайдың «Шинхуа» агенттігінің Солтүстік Корея астанасы Пиоңяң (Пхеньян) қаласындағы ақпаршыларының хабарлауынша, бүгін Солтүстік Корея үкіметі 29 мамыр таң сәрідегі баллистикалық зымыран сынағын атқандығын мойындап, хабарлама жариялаған. Бұл Солтүстік Кореяның бір ай ішінде жасаған үшінші реткі баллистикалық зымыран сынағы.
Солтүстік Корея Орталық «News Agency»-дің хабарында елдің ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын) сынаққа өзі басшылық еткен. Бұл реткі сынақ барысында дәлдікті меңгеру жүйесі пайдаланылған. Әрі зымыран қондырғысы орнатылған көліктен ұшырылғанын мәлімдеді. Зымыран шығысты бетке алып ұшырылып, жүйенің тұрақтылығы мен дәлдіктің жоғарылығы тексерілген. Оған қоса зымыран тасымалдаушы көліктердің әртүрлі жағдайларға қабілеттілігі де сынақтан өткен.
Солтүстік Корея осыған дейін 14 және 21 мамыр күндері зымыран сынағын жасаған болатын.