19 қыркүйекте әуежай ісіне қатысты апелляциялық сотты офлайн өткізуді талап етіп, Алматы қалалық соты ғимаратына кіре алмағандар шетінен қудаланып жатыр. 22 қыркүйек күні белсенді Майра Ғабдулина мен Марат Тұрымбетовке айыппұл салып, Абзал Достияровты 15 күнге қамаған-тұғын. Бұл әзірге бізге белгілісі. Ал, 25 қыркүйек таңғы 10:00-ге тіркелмеген Демпартияның мүшесі белсенді блогер Аружан Дүйсебаева Алмалы аудандық полиция басқармасына шақырылған.
Аружан полиция басқармасының алдына өз жақтаушыларымен бірге адокаты Жалғас сапарханды ерте келген. Басқарма алдында өздерін ішке кіргізуді күтіп тұрып, кейіннен келген қызметкермен тіл туралы келіспей қалды. Артынша екінші полицей келіп, Дойсебаева мен адвокатын ішке алып кетті.
Құқық қорғаушы Инга Иманбай Дүйсебаеваның қудалануына қала әкімі Ерболат Досаевтың тікелей қатысы бар деп санайды.
Полиция басқармасымен қалалық прокуратура айыптауға еш сылтау таппағанын айтқан Аружан мен Адвокат Жалғас Сапарқанова кінәсіздіктенін дәлелдегендерін айтты. Апелляция отырысы өтетін күні прокурор мен әкімдік өкілі азаматтарға тарау жөнінде ескертпе жасаған кезде Аружан оқиға орнында болмаған. Сондықтан полиция тақпақ болған айып дәлелін таппай, іс тоқтады. Қоғамдық мәні зор сотқа қатысуға барып, сотты болып жатқандар Қаңтардан кейін билік жиі қайталап, көп уәде беріп жүрген Жаңа әрі Әділетті Қазақстан саясатына сенбейтінін айтады.