4 ақпанда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты белсенді, журналист Думан Мұхаммедкәрімнің мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде тіркеу талабын қанағаттандырмады. Сот №12 бірмандатты аумақтық сайлау округінің шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл утралы Азаттық радиосы жазды.
Сот үкім шығарғанға дейін тараптарға бұл мәселені бейбіт жолмен шешуді ұсынды. Аумақтық сайлау комиссиясының өкілі бұған келіспеді.
"Әкімшілік мәселе ғана болса, сот үкіміне дейін бейбіт түрде шешуге қалай қарайсыз?" деген соттың сұрағына сайлау комиссиясының өкілі соттың үкімінсіз мәселені шешу мүмкін емесін айтты.
"Өйткені біз Мұхаммедкәрімді кандидат ретінде тіркесек, мәжіліс депутаттығына кандидатқа қойылатын ел аумағында кейінгі 10 жыл тұрақты тұру талабы жазылған Конституцияның 51-бабы, 4-тармағына қарсы шыққан боламыз" деді №12 бірмандатты аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ұлтусын Бархинова.
Ол Мұхаммедкәрімнің ел аумағында тұрақты тіркеуі жоқ бола тұра, бір күн Қырғызстан аумағында болғанын да алға тартты.
"Ол бір күн – 2022 жылғы 6 қаңтар. Сол кезде Қазақстан аумағында интернет өшті. Қырғызстанға журналистік жұмысымды орындау үшін бардым. 6 қаңтар күні сол елдің аумағына кіріп, интернетке материал жүктеп, келесі күні – 7 қаңтарда елге оралдым. 2016 жылы 10 күнге Түркияға отбасыммен демалуға барып-келдім" деді Мұхаммедкәрім.
Сотта Мұхаммедкәрім кейінгі 10 жылда Қазақстаннан басқа елде тұрақты тұрмағанын шекара қызметінен алынған анықтамамен дәлелдеп бақты. Анықтамада Мұхаммедкәрімнің кейінгі 10 жылда 11 күн (10 күн Түркияда, 1 күн Қырғызстанда) шетелде болғаны көрсетілген.
Журналист бұған дейін Азаттыққа елде сегіз ай тіркеуде болмау себебін былай түсіндірген еді:
– Жұмыс бабымен өзге қалаларда тұрған кезде сол жақта уақытша тіркеліп жүрдім. Бұған дейін Астана қаласында пәтер жалдап тұрғанымда, пәтер иесі мені уақытша емес