Ресей ғарышқа өзінің жаңа әскери жер серігін ұшырды деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Ресей әскерилері Архангельск облысындағы Плесец ғарыш айлағынан Союз-2.1б зымыранымен ғарышқа жоғары деңгейде жұмыс жасай алатын әскери спутнигін ұшырған.

Бұл Союз-2 зымыранының Плесец ғарыш айлағынан биылдыққа ғарышқа алғаш ұшуы. Бұның алдында Союз-2 зымыраны Плесецкіден 2016 жылдың 29 мамырында ұшырылған болатын.

Айта кететін бір жайыт соңғы уақытта ресейліктер Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағымен қатар Плесец ғарыш айлағында жиі пайдаланатын болған.

“The Qazaq Times”