Атырау облысында «ҚазТрансОйл» компаниясы 10 жыл бойы 50 гектар жерді  заңсыз пайдаланып келген деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

««ҚазТрансОйл» компаниясы 10 жыл бойы Атырау облысындағы Құрманғазы және Жылыой аудандарына қарасты 50 гектар жерді заңсыз пайдаланып келген. Бұл жерлерге «ҚазТрансОйл» компаниясы жергілікті ресми органдардың рұқсатынсыз магистральді құбырларын орналастырған.» деді Атырау облысының жер қорғау және пайдалану коммуникация басшысы Ғибрат Сүлейменов.

Қазіргі таңда «ҚазТрансОйл» компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн 764 мың теңге айыппұл салынған. Және аталмыш аудандардағы заңсыз салынған құбырларды алып тастауларына бір ай уақыт берілген.

"The Qazaq Times"