Қазақстандық құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуовке Өзбекстан аумағына кіруге рұқсат берілмеді. Бұл жөнінде ҚазТАГ басылымы хабарлады. Ол Қарақалпақстандағы наразылық мәселесімен айналысып жүрген.
Құқық қорғаушы Виталий Пономарев айтуынша, «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Бішкек – Ташкент бағытындағы рейске Ғалым Ағелеуовті тіркеуден бас тартқан. Олар бұны құқық қорғаушыға Өзбекстан аумағына кіруге тыйым салынуымен түсіндірген.
Ағелеуов Нөкістегі наразылық қатысушыларының Ташкенттегі жоғары сотқа апелляциялық шағымдану процесіне бақылаушы болуы тиіс болған.
Ғалым Ағелеуов Freedom for Eurasia жобасы аясында 2022 жылдың соңы мен 2023 жылдың басында Өзбекстанға екі рет барған. Құқық қорғаушы Қарақалпақсатандағы наразылықты зерттейтін ресми комиссиямен байланыста болған.
Ақпанда Адам құқықтарын қорғау бюросында өткен баспасөз мәслихатында Ағелеуов Нөкіс оқиғасында қайтыс болғандар саны ресми деректе көрсетілгеннен әлде қайда көп екенін айтқан. Ол Өзбекстан билігінен адам құқығының бұзылуына байланысты қосымша дерек беруге шақырған.
Қарақалпақстанда 2022 жылы 1-2 шілде күндерінде Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қарсы наразылық болған. Енгізілетін өзгерістерде Қарақалпақстан Өзбекстан құрамынан бөлініп шығу құқығынан айыратын баптар болады. Ресми дерек бойынша, Нөкіс оқиғасында 21 адам қаза тапқан. Құқық қорғаушылар 50 адам қайтыс болды деп мәлімдеген.
Наразылықтан кейін Өзбекстан билігі Конституцияда өзгереді делінген даулы баптарды алып тастаған.


















Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр