Сенатор Марко Рубио мен демократ Бен Кардин АҚШ президенті әкімшілігіне «адам құқығын бұзған» Ресей лауазымды тұлғаларына қарсы санкция енгізу туралы резолюция ұсынды.
Ресей саясаткері Борис Немцовтың қазасына байланысты жазылған қарарда «адам құқықтарының тапталуына жауапты ресейліктерге қарсы қатаң қаулы енгізген жөн» деп жазылған. Осы аптада резолюция Ақ үй басшысы Дональд Трампқа жеткізілді.
Негізінен Өкілдер палатасы мен Сенаттың Конгрестің әрбір палатасында жеке қабылданатын қарарлары заңды күшке ие болмайды. Заң шығарушылар қандай да бір мәселе бойынша өз ұстанымын білдіреді, ал биліктің атқарушы тармағы осындай құжаттарды елемеуге құқылы.
Ресейлік оппозицялық саясаткер Борис Немцов 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеу қаласында өлтірілген. Кейінен аталмыш қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен шешенстандық Заур Дадаев, Анзор Губашев, Шадид Губашев, Темірлан Әскерханов және Хамзат Бахаев ұсталған. 13 шілдеде Мәскеу аймақтық соты оларды кінәлі деп танып, 11 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды.


















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?