Қытай мемлекеттік телеарналары елдегі тарап жатқан індеттің ауыр күйде екенін мәлімдеді. Кеше Қытай мемлекеттік арналары жергілікті әкімшіліктің мәліметіне сілтеме жасай отырып, Хубей провинциясында вирусқа шалдыққан 17 адамның көз жұмғанын хабарлады. Бұдан бірнеше сағат бұрын ғана вирустан 6 адам қаза тапқанын хабарлаған еді.
Қытай билігі қауіпті вирустың ең алғаш таралған жері Ухан қаласында қоғамдық транспортты уақытша тоқтата тұру шешімі қабылдады. Автобустар мен метро және өзге де қоғамдық көліктер кеше сағат 10-нан бастап жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, Ухан қаласының тұрғындары үшін пойыз вагзалдары мен әуежайлар жабылды.
Ухан қаласы Қытайдың Бейжің, Шаңхай, Шынжын қалалары сынды танымал болмағанымен, ол әлемнің бірқатар ірі қалаларымен тікелей әуе линияларына ие. Айталық, Уханнан Лондон, Париж, Дубай тағы басқа да қалалармен тікелей әуе қатынасы бар. Бұл қуіпті вирустың әлемге таралып кету қаупін күшейтеді.
Әлеуметтік желіде Қытай билігі нақты жағдайды жасырып отыр деген жазбалар да көбейген. Әлеуметтік желі қолданушылары шынайы жағдайдың үкімет таратқан ресми мәліметтерден әлде қайда ауыр деп алаңдайды.