Биыл Қазақстан аз шаруа атқарған жоқ. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін, қысқы Универсиаданы өткізді. Арасында көрші Қырғызстанмен де дауласып алды. Жылдың басы жемқорлық дауымен басталып, соңы өзгертілген БАҚ туралы заңға қол қоюмен аяқталды деуге болады. Ал бұл жағдайлар Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жағдайына оңай әсер етпегені анық. Өйткені осы жылы еліміздің бәсекеге қабілетті елдер арасындағы рейтингі бірден 42 орыннан 57 орынға түсті.