Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Жоспар бойынша, ел президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселесн талқыламақ.

Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі, сондай-ақ, Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барады.

2018 жылы БАӘ мен Қазақстанның сау­да айналымы 490 млн АҚШ долларын құра­са, 2019 жылдың қаңтар-қараша ара­­лы­ғында 500 млн АҚШ долларынан асқан. Сонымен қатар, екі ел арасында қол қойылған Ин­вес­тицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімнің арқа­сын­да инвесторлар ұзақ мерзімді тұрақ­тылықпен қамтамасыз етілді. Осы уақытқа дейін еліміз­дің экономикасына Әмірліктерден тартылған тікелей инвестициялар көлемі 2,1 млрд АҚШ доллардан асты. Осы жылдың маусым-шілде айларында құрылысы толығымен аяқталатын «Әбу Даби Плаза» көп­функ­ционалдық кешені жобасына әмір­ліктер тарапы 1,2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салған.

"The Qazaq Times"