Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезекті отырысына қатысуда. Ұйымға осы жылы Қырғызстан төрағалық еткендіктен, саммит Бішкекте ұйымдастырылыған.

Сессияда Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь президенттері және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту, терорризммен күрес, Ауғанстандағы қазіргі ахуалды жақсарту, ұйымға мүше мемлекеттердің әскери әлеуеті және бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізу мәселесін талқыламақ.

Сонымен қатар, ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын, 2019-2021 жылдарға арналған БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын іске асыру жөніндегі ұйым елдерінің ұжымдық іс-қимыл жоспарын, тәжік-ауған шекарасындағы шиеленісті азайтуға бағытталған қосымша шаралар тізбесін бекітуді жоспарлап отыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде: «Бірлескен отырыс сындарлы түрде және дәстүрлі достық атмосферада өтті. Келісілген құжаттар 28 қарашада Бішкекте өтетін ҰҚШҰ мемлекет басшылары қатысатын Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына түпкілікті қарауға және бекітуге шығарылатын болады», – делінген.

"The Qazaq Times"