АҚШ президенті Дональд Трамп кезекті соңғы мәлімдемелерінің бірінде, Ормуз бұғазындағы мұнай тасымалдау жолдарының қауіпсіздігіне тек қана АҚШ жауап бермейтінін, Қытай қатарлы өзге де елдердің бұл жауапкершілікті бөлісуі керек екенін жеткізді.

АҚШ президенті сөзінде: «Қытай мұнай импортының 91 пайызы Ормуз бұғазынан өтеді, Жапонияда 62 пайызды иелейді. Бұдған өзге де елдер бар. Неге көптеген елдер пайдаланатын су жолын көптеген жылдар бойы біз төлемсіз қадағалауымыз керек», – деген.

Ормуздағы мұнай танкері және АҚШ әскери кемесі. Фото: USAF.

Президент Трамптың айтуынша Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнайды пайдаланатын барлық ел өз рейстерін қорғауға міндетті. «Бізге енді ол жерде болу керек емес, себебі, АҚШ қазір әлемдегі ең ірі энергия өндіруші ел болды», – деді Трамп.

Президент Трамп, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қойған талаптарында қайталап өткен. Ол Құрама Штат Ираннан өте қарапайым нәрсені – ядролық қаруды дамытпау және терроризмді қолдамауды талап етіп отырғанын айтқан.

Бірақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен президент Трамптың бір күндегі пікірі ұқсамай шықты. Сауд Арабиясының патшасы Салман Абдул-Азиз әс-Саудпен кездесуден кейін Помпео Ормуз бұғазының қауіпсіздігі мен халықаралық ашық су жолы құқығын қорғауды арттыру туралы келіскенін айтқан.

 “The Qazaq Times”