Палестиналықтардың дәстүрлі «Қайта оралу» шеруі Израиль шекарасына жақын маңда жалғасуда. Шеруге мыңдаған палестиналықтар қатысуда. Түркия ақпарат құралдарының кеше кешкі хабарында Израиль соғыс ұшақтарының Газа секторына әуе шабуылын жасағаны туралы айтылды.

«Анадолы» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, әуе шабуылынан 23 жастағы бір палестиналық азамат қаза тапқан. Палестина ұйымдарының берген мәліметінде Израиль әуе күштері Газаның шығыс шекарасын бомбалаған.

Бүгін «Қайта оралу» шеруінің басталғанына бір апта уақыт болды. Мәліметтерге қарағанда осыған дейін 21 палестиналық қаза тапқан.

“The Qazaq Times”