Ресей Федерациясының бұрынғы және су жаңа президенті Владимир Путинді Қазақстан, Қырғызстан, Сербия, Боливия және Венесуэла басшылары сайлаудағы жеңісімен құттықтап үлгерді. Ол наурыз айының 18-і күні өткен президент сайлауында халықтың 76,65 пайыз дауысын алып, төртінші рет Ресей Федерациясының президенті атанды. Жексенбі күні өткен президент сайлауына ресейлік тәуелсіз сарапшылар мен саясаткерлер қандай баға берді?

Ресейлік танымал филисоф және әлеуметтанушы Игорь Чубайс: «Путинге дауыс берген адамдар елдің болашағын ойламайтын, өзгерісті қаламайтын консерваторлар. Бұл сайлауда саяси бәсекелестік пен азаматтық белсенділік жоқ. Оның барлығының жолы кесілген. Сайлау қорытындысы көзбояушылық және өте аянышты».

Александр Соловьев «Ашық Ресей» қозғалысының төрағасы: «Өкінішке орай бұл жолғы сайлауда да таң қалатындай ешнәрсе болған жоқ. Бұл жолғы сайлаудың 2012 жылғы сайлаудан ешқандай айырмашылығы болмады. Бүкіл сайлау жүйесі Владимир Путиннің жеңісіне жұмыс істеді. Ол 40 пайыз дауыс алған күннің өзінде оған 70 пайыз деп жазып беретін еді. Бұл сайлауда қандай жағдай болса да Путин жеңетін еді. Сол себепті бұл сайлау емес».

Мемлекеттік Думанның экс-депутаты Максим Шингаркин: «Грудининнің екінші орын алуы - халықтың олигархтарға қарсы күресі. Бұл халықтың Путинге қойған талабы. Путин билікті олигархтардан тазартуы тиіс. Күмәнді жолмен қыруар қаржы тапқан адамдар билікке жақындамауы керек».

“The Qazaq Times”