Қазақстан кез келген уақытта БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына баруға дайын 170 адамнан құралған контингент дайындады - деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар қызметі.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы төрағасы Ерлан Ақылбаев БҰҰ жаңалықтар қызметіне сұхбат берген. Онда ол: «Біз өзіміздің бітімгерлік бағыттағы жұмысымыздың ауқымын кеңейткіміз келеді. Қазіргі таңда БҰҰ-ның бітімгершілік департаментімен осы бағыт бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Біз өзіміздің 170 адамнан құралған контингентімізді бітімгерлік операцияларға қатыстырмақпыз. Бұл бағытта да қазір келіссөздер жүргізілуде» - деген.

Осы уақытқа дейін қазақстандық офицерлер Біріккен Ұлттар Ұйымының Ирак, Батыс Сахара, Кот д Ивуар елдеріндегі бітімгерлік операцияларына қатысқан. Ирак аумағында "Қазбат" әскери контингенті ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған.

“The Qazaq Times”