2016 жылғы көтерілістен кейін Түркияда қоғамның өз ойын еркін білдіруі бірнеше террорлық заңдармен шектелді деуге болады. Халық пікірін түрлі жолмен жеткізуі мүмкін ғой, бірақ үкімет олардың барлығын өз қолына алуға кіріскен сияқты, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.

Түркия үкіметі қандай әрекет үшін сізді абақтыға жабуы мүмкін:

Әлеуметтік желілерде

Соңғы 3 аптада Түркияның солтүстік Сүриядағы әскери әрекеттерін Твиттер және Фейсбук әлеуметтік желілерде сынағаны үшін 500-ге жуық адам тұтқындалды.

БАҚ-та

Түркия медициналық ассоциациясының мүшелері "адам соғыстан бұрын бейбітшілікке жетуге ұмтылу керек" дегеннен соң, осы ұйымның 11 мүшесі және басшысы тұтқындалды.

Жеке хаттарда

Стамбул автобусында әйел-саясаткердің уатсаппен (WhatsApp) біреуге хат жазып жатқанын көріп қалған жолаушы оны полицияға жеткізіп, саясаткерді түрмеге жапқан. Тағы бір дерек Хатис Дениз Акташтың (Hatice Deniz Aktaş) телефонында "күрдтер жұмысшылар партиясының" басшысы Абдуллах Очаланның (Abdullah Öcalan) суреті болған дейді. Аталған күрдтер одағы Түркия мен ЕО-да "террорлық ұйым" болып саналады.

Киімдегі жазу 

Өткен жылғы көтерілісті ұйымдастырды деген айыппен ұсталғандардың біреуі "қаһарман" деген жазуы бар футболка киіп келгені үшін олардың барлығы сот отырысы кезінде қоңыр комбинезон киюге мәжбүр болды. Киімге қатысты заң өткен айда күшіне енді.

Сұхбат

Журналист Дениз Ючел (Deniz Yücel) "Күрдтер жұмысшы партиясының" мүшелерінен бірнеше рет телефонмен сұхбат алғаны үшін 1 жылын түрмеде өткізді. Ючелге террорлық үгіт-насихат жүргізді деген айып тағылды.

Банкте депозит ашу

Түркияның мыңдаған азаматына Азия банкінен депозит ашқаны үшін абақтыға жабылу қаупі төніп тұр. Қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған (Recep Tayipp Erdogan) көзінше 20 жыл бұрын ашылған банктің Гюлен қозғалысына (Gulen movement) қатысы бар деген күмән бар.

Мобильді қосымша жүктеу

Түркия үкіметі "bylock" қосымшасын мұсылман клирик Фетхуллах Гюлен (Fethullah Gulen) ел аумағындағы барлық жақтастарын біріктіру үшін ойлап тапқан деп ойлайды. Қазір осы мобильді қосымшаны жүктегендерді тұтқындау күнделікті жүргізіліп жатыр. Жергілікті мектептер мен АҚШ бастамасымен құрылған қорлардың жаһандық желілері арқылы діни ұйымды басқаратын Гуленді үкімет өткен жылғы көтерілісті ұйымдастырды деп айыптауда. Гулен бірнеше мәрте бұл айыппен келіспейтінін айтқан. Түркия оның қозғалысын "террорлық ұйым" деп атады.

Мақала жазу

Көптеген журналистерге сыни көзқараспен жазылған мақалаларға байланысты бірнеше айып тағылды. Ахмет Алтан (Ahmet Altan), Мехмет Алтан (Mehmet Altan), және Назлы Иличак (Nazli Ilıcak) - елдің белгілі 3 журналисі өткен аптада өмір бойына түрмеге жабылды. Қазір жалпы 200-300 журналист түрмеде отыр.

Ысқыру

Диярбакырдағы (Diyarbakır) Дикл университетінің (Dicle University) бір топ студентіне терроризмге байланысты айып тағылып, 28 жылға түрмеге жіберілуі мүмкін. Құжаттарда Суат Мұстафа Ш (Suat Mustafa Ş) есімімен көрсетілген азамат күрдтер өлеңін ысқырықпен әуендеткені үшін "террорлық үгіт-насихат" жүргізді деп айыпталуда.

“The Qazaq Times”