Al Jazeera-ның "Инновациялы Африка" (Innovative Africa) бағдарламасында "iCow" мобильді қосымшасы таныстырылды. Ол фермерлерге сиырдың жүктілік кезеңін бақылауға мүмкіндік береді.

"Farmable" мобильді қосымшасы инвесторларға Гананың жергілікті фермаларындағы жан-жануардың виртуалды акцияларын сатуға, сатып алуға, бақылауға көмектеседі. Ал кениялық 13 жастағы (суретте) Ричард Турере (Richard Turere) есімді бала жергілікті фермалардағы малды арыстаннан қорғаудың амалын тапты. Кениядағы Найроби ұлттық саябағының жанында тұратын халық біраз уақыт осы арыстандар кесірінен төрт түлігін жоғалтып келген. Турере мал қораның сыртына диодты жарық шамдарын жан-жаққа қарап тұратындай етіп орналастырып, арыстандарды өз аулынан алыстатудың амалын тапқан. Осы еңбегінің арқасында ол 2013 жылы TED конференциясына шақырту  алды.

Африкалық сирек кездесетін ауыл шаруашылық мәдениетінің консорциумы (The African Orphan Crops Consortium) Ауыл және бау-бақша шаруашылығының бүкіләлемдік орталығымен (World Agroforestry Centre) бірге көпшілікке таныс емес ауыл шаруашылық өнімдерін Найробиде өсіруді қолға алуда. Орталық мамандарға геномдар аннотациясымен жақсырақ танысып, климат өзгерісі, түрлі зиянкестер мен ауруларға қарсы тұру мақсатында тағамдық құнарлылығы жоғары ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру үшін арнайы жерлер береді.

“The Qazaq Times”