ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев қазақстандық делегациямен 13-14 қаңтарда Абу-Даби қаласында (БАӘ) жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жөніндегі халықаралық агенттіктің(IRENA - International Renewable Energy Agency) VIII сессиясына қатыстыдеп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Қ.Бозымбаев пленарлық отырыста  Қазақстан әлемдегі жетекші көмірсутегі өндірушілерінің бірінен «жасыл» экономика моделіне көшу үдерісінде екенін атап өтті.

«Елде жаңартылатын энергетика секторын дамытуды жоспарлау мақсатында Қазақстан Республикасының энергетикалық балансында 2020 жылға қарай ағымдағы 1% -дан 3% -ға дейін, 2030 жылы 10% -ға, ал 2050 жылы 50% дейін арттыруды көздейтін Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы мақұлданды» - деді Қ.Бозымбаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, 2009 жылы қабылданған жаңартылатын энергия көздерін қолдау тетіктері ЖЭК нарығын жоспарлы түрде іске қосуға мүмкіндік берді және жалпы қуаты 335,7 МВт болатын 55 жобаны жүзеге асырды.

«Биылғы жылдан бастап жалпы қуаттылығы 1 ГВт қуаттылықтағы бірінші ЖЭК аукциондарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, инвесторларға, қорларға және қаржы институттарына Қазақстандағы жаңартылатын энергия аукциондарына қатысуға шақырамын. Өз тарапымнан, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі аукцион жеңімпаздарын іріктеу үшін мөлдір, бейтарап процедураны қамтамасыз ететініне және жеңімпаздарға PPA келісімшартын жасасу кезеңінде де, жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде де, жан-жақты қолдау көрсететін болады» - деді министр.

IRENA Ассамблеясының 8-ші сессиясында ADFD/IRENA жобаларын қаржыландырудың VI циклына қатысу мүмкіндігі талқыланды.

“The Qazaq Times”