Жексенбі күні Техастың оңтүстігіндегі шағын қалашық Сазерланд-Сприңсте (Sutherland Springs) қара киім киінген және жарылғыш байлаған ер адам Баптист шіркеуіндегі жұртшылыққа оқ жаудырған. Мәліметтерге сәйкес, кемінде 26 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алған. Бұл туралы АҚШ-тың танымал «WSJ» басылымы хабарлады.

Құқық қорғау орындары қызметкерлерінің мәліметіне қарағанда, қылмыс күмәндісі оқ жаудырғаннан кейін автокөлікпен қашып кеткен. Кейін қарулы полиция қызметкерлері тұтқындау кезінде қаза болғанын мәлімдеді. Бірақ атыс қаруынан әлде, денесіне байлаған жарылғыштан өлгені туралы анық мәлімет бермеді.

Құқық қорғау қызметкерлері әзірге шабуыл жасаушының жеке басын куәландырған жоқ. Бірақ жергілікті әкімшілік бұл адамның Дэвин Патрик Келли есімді адам екенін мәлімдеді.

“The Qazaq Times”