Дәрі-дәрмек сатып алу жөніндегі бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС 2018 жылы тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған сатып алу рәсімдерін бастады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. 

«СҚ-Фармация» басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әсемгүл Ержанованың сөзінше, сатып алынатын дәрі-дәрмектердің көлемін медициналық ұйымдардың өздері мәлімдеген, ал тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер тізімін Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен.

Сондай-ақ, бірыңғай дистрибьютордың бұл тізіміне,  әрбір препаратқа шекті сатып алу бағасы көрсетіле отырып,  барлығы 1137 дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары қосылды.

«2018 жылға алдын ала берілген өтінімдер бойынша барлығы 178 млрд теңгеге сатып алу жоспарланған. Қазір тендер жалпы сомасы 82,4 млрд теңгені құрайтын 489 атауларға жарияланды», - дейді Ержанова.

“The Qazaq Times”