Құрал-жабдықтар мен техника сатып алу үшін ең қымбат орын саналатын Сингапур келесі жылдан бастап, жеке көліктердің санын жыл сайын 0,25-ке қысқартып, қоғамдық көліктердің санын арттырмақ. Жол үстіндегі көлік тығыны мен қозғалыс қиындығы мәселесін шешу үшін мұнда көлік алатын адам оны жүргізу үшін де арнайы рұқсат алады. 

Бұл куәлік  10 жылға жарамды, әрі құны шамамен 50 мың Сингапур долларына(ары қарай - Sg$) тең. Бірақ бұл баға көліктің түріне байланысты тағы өзгереді. Мәселен, Toyota Corolla Altis көлігін міну үшін рұқсатты 111 мың Sg$ сатып аласыз. Сингапур осылай өзге Азия елдерінің басты мәселесіне арналған көліктің көптігінен туындайтын қиындықтардың алдын алып отыр.

2016 жылдың соңында Сингапурда  600 мыңға жуық жеке көлік тіркелген. Жергілікті көлік әкімшілігінің мәліметінше, Сингапур территориясының 12 пайызын көлік жолдары алып жатыр. 5,6 млн халқы бар, жер көлемі 719,2 км2 мемлекет үшін бұл - едәуір көрсеткіш.

“The Qazaq Times”