Аустралия маңызды инфрақұрылымды қорғау үшін жаңа қатаң ереже орнатуды қарастыруда. Ел үкіметі шетелден келетін инвестициялар австралиялық коммуникациялар мен энергетикалық активтерді терроризм мен хакерлікке қарсы тұруға еріксіз мәжбүр етуі мүмкін деп алаңдауда. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлаған еді.

Соңғы жылдары Аустралия шетелдік инвесторлар үшін тартымды инвестициялық нысанаға айналды. 100 миллиард Аустралия долларынан асатын ( 78 миллиард АҚШ доллары) құнды инвестициялық жобалар жүзеге асты. Сонымен бірге бірқатар инфрақұрылымдық жобалар (жол, ұлттық теміржол жобаларын өз ішіне қамтыған) Канаданың және Таяу Шығыстағы зейнетақы қорларының инвестицияларын өзіне баурады. Дегенмен осы инвесторлардың көлеңкесінде Аустралияның ұлттық қорғаныс саласына да үлкен қатерлер ере барды. Соның бірі жоғарыда айтылған кибер шабуылдар. Аталған жаңа заң осының алдын алу үшін жасалып отыр.

Жаңа заң үкіметке инфрақұрылымды жіті бақылауға мүмкіндік береді. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төніп жатқан жағдайда үкімет жеке секторға араласу құқығына ие етілмек. Жақында жасалған үкіметтің баяндамасына сенсек, Австралияда болған кибершабуылдар саны өткен жылдағыдан 15 пайызға артыпты.

“The Qazaq Times”