АҚШ басқаруындағы террорлыққа қарсы тұру одағы Сүрияда бір қарулы дронды атып құлатты. Әскерилер бұл ұшқышсыз ұшақты Сүрия үкіметіне өткізілді деп мәлімдеді. Бұл туралы BBC ресми сайты хабарлап отыр.

Shahed-129 үлгісіндегі ұшқышсыз ұшақ F-15 шабуылшы ұшағы атып түсірген. Америкалық әскерилердің айтуына қарағанда дрон дұшпандық ниет байқатып, әскерилерге қарай жақындап келгендіктен атып түсірілген.

Shahed-129 дроны Иранда жасалып шығарылған. Оның алғашқы үлгісі Иран Ислам революциясы «Сақшылар корпусы» жағынан 2013 жылы көрсетілген болатын.

“The Qazaq Times”