3-4 маусым күндері Австрияның Лейбниц қаласында жастар арасында дзюдодан Еуропа кубогы өтті. Халықаралық додада Қазақстан құрамасынан 30 дзюдошы қатысып, 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болып, командалық есепте медаль саны бойынша жарысты ІІІ орынмен аяқтады. Бұл туралы Дзюдо федерациясының ресми сайтында жарияланды.

Халықаралық додада 4 алтын, 1 қоламен Жапония жастары рейтингте көш бастап тұрса, 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен Ресей спортшылары жарысты ІІ орынмен аяқтаған.

Қазақстандық дзюдошылардың аталмыш жарыста көрсеткен көрсеткіші мынадай:

Алтын - Нұрсұлтан Серәлі (60 кг)

Алтын - Сұңғат Жұбатхан (66 кг)

Күміс - Жасұлан Отарбек (60 кг)

Қола - Бауыржан Нарбаев (55 кг)

Қола - Барыс Қуан (73 кг)

“The Qazaq Times”